О компании

1972 жылы «Мангышлакнефть» Бірлестігінің №134 3/УП-72 жылғы бұйрығына және Еңбек Қызыл Ту  орденді Советтер Одағы коммунистік партиясының XXIII съезд атындағы «Узеннефть» Мұнайгазөндіру басқармасының 21 шілде 1972 жылғы №97  бұйрығы негізінде,

1 шілде 1972 жылдан бастап «Қабаттардың мұнай өнімділігін арттыру және скважиналарды күрделі жөндеу» басқармасы іске қосылды.

1998 жылдың 1 тамызынан бастап «Қабаттардың мұнай өнімділігін арттыру және скважиналарды күрделі жөндеу» басқармасы «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының «Жөндеу» Жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестігі болып қайта құрылды.

1997 жылы «Өзенмұнайгаз» бірлестігінің жанынан «КРУЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Мақсаты ұңғыларды күрделі жөндеу үшін алынған қуатты шетелдік жаңа «КРЕМКО-80 Д» мобильді қондырғыларды іске қосу болды.

Ал 2016 жылдың мамыр айында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ директорлар кеңесінің отырысында «Жөндеу» ЖШС мен «КРУЗ» ЖШС біріктіру нәтижесінде «ӨзенМұнайСервис» ЖШС (әрі қарай - Серіктестік) болып соңғы рет қайта құрылды.